|
|
ҚР-ның Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында « Тәуелсіздіктің 20 шыңы – 20 жұлдызды күн » акциясының шеңберінде 2011 жылдың 28 қараша күні «Конституция – Қазақсатан Республикасының Ата заңы» атты пікірталас өтті. Пікірталас Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті заң факультетінің 406 аудиториясында сағ.16-00де басталып,17-30 аяқталды. Осы шараға заң факультетінің 7 студенті өздерінің баяндамаларын талқыға салды. |
|
| Диспутымыздың мақсаты: ҚР ата – заңын құрметтеп,Тәуелсіз Отанын шексіз сүюге баулу, ынтымақ, бірлігі жараса шалқыған елдің, көптеген ұлт пен ұлыстарға алтын бесік болған мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге,тәуелсіздікті аңсаған ата-баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға, ұлтжандылық, отаншылдық сезімдерін оятып, ұлтының салт-дәстүрін, діні мен тілін сүйе білуге баулу. Қазақстанның болашағы жастардың қолында демекші бүгінгі ұрпағымызға Тәуелсiздiктiң әрбiр жылының бiз үшiн мәнi бөлек, маңызы айрықша екенін түсіндіру. Осы шараға қатысқан қонақтарымыз: 1.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тәрбие ісі және әлеуметтік – экономикалық жұмыстар жөніндегі проректор Қайырова Бақыт Елубайқызы 2.Ақтөбе қаласының құрметті заңгері Тәжібаева Мариям Сейдахметқызы. 3.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенттік ректоры Бағиев Нұрғиса Нұрланұлы Нәтижесінде, пікірталас студенттерге Ата заңымыз – Конституцияны қадір тұтуға, құрметтеуге, дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар екенін, оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы, қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі, ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар екенін - біздің студенттер өзінің баяндамаларымен дәлелдеді. |







