Основная деятельность
Новости
Личная страница ректора
Общие сведения
Учеба
Воспитательная работа
Абитуриентам
Электронная библиотека
Сведения о студентах
Наука
Курсы повышения квалификации
Нормативные документы
Научная библиотека
Профориентация и трудоустройство
Информация

Фотогаллерея
Студенческая жизнь
Спортклуб
Наши выпускники
АГУ в зеркале СМИ
Телефонный справочник АГУ
Схема корпусов
Наши координаты
Вопросы и ответы
2012 Май
ВсПнВтСрЧтПтСб
  1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
Реклама


Опрос
Полезные материалы

Логотип АГУ им.К.Жубанова (.gif)

«Тапқыр достар» интеллектуалды-танымдылық ойыны тарих-филология және шетел тілдер факультеттері арасында өтті

Қазақстан Республикасы «Тәуелсіздіктің 20 шыңы»  – 20 жұлдызды күн шеңберінде «Мемлекеттік тіл» атаулы күні   «Ана тілім – айбыным менің» өзге ұлт өкілдері арасында  университетішілік «Тапқыр достар» интеллектуалды-танымдылық ойыны  тарих-филология және шетел тілдер факультеттерінің  жастар комитетінің мамандарының ұйымдастыруымен  2011 жылдың  14 желтоқсан күні сағат 15.00-де техника  факультетінде  өтті.

Шараның мақсаты:
- Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту;
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу мақсатында өзге ұлт өкілдерін патриотизмге, өз отанын сүюге тәрбиелеу
- Мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру және қазақ тілін өз еркімен үйренуге тәрбиелеу;
- Жастар арасында қазақ тіліндегі интеллектуалды ойындарды кеңінен насихаттау арқылы мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.
Интеллектуалды-танымдылық ойынға: татар ұлтының өкілі Гадсаев Руслан техника факультетінің 3 курс студенті; грек ұлтының өкілі Тайлахиди Прасковья шетел тілдер факультетінің 4 курс студенті; орыс ұлты өкілінен Новицская Олеся көпсалалы колледждің 1 курс оқушысы; украин ұлтының өкілі Кирьянова Таисия заң факультетінің 2 курс студенті; орыс ұлтының өкілі Коваленко Степан жаратылыстану факультетінің 1 курс студенті; венгр ұлтының өкілі Хуллай Кристина физика-математика факультетінің 4 курс студенті; татар ұлтының өкілі Құрбанғалиева Саида  тарих-филология факультетінің 1 курс студенттері қатысты.
Ойынға сарапшы негізінде  тіл маманы  қатысты.  Ойыншылар: Руластар және Болашақ атты екі топқа бөлінді. 
Ойын 6 кезеңге бөлінді:  «Сөз тапқанға...» ойын шарты бойынша әр топ алған қағаздағы сөздерден артық бір сөзді алып тастап, қалған сөзге сөйлем құрастырады;
«Патриот» Тәуелсіздіктің негізгі идеологемаларын пайдалана отырып, сөйлем құрастыру;
«Ойлан, тап» екі топқа да экраннан 1 минут ішінде бірнеше суреттер көрсетіледі, ойыншылар осы суреттерді арқау ете отырып, бірнеше мақал айтуы керек;
«Сен білесін бе» экранда көрсетілген 8 ұяшықтың 1-еуін таңдап, ұяшықтағы сұраққа жауап береді;
«Кім жылдам?!» Топ мүшелері қағазда көрсетілген сөздерді көрермендерге жұмбақтап айтуы керек;
«Өнерпаз болсаң...» күй сандық арқылы белгілі бір әннің әуенін орындайды әр топ орындалған әуенге қосылып әнін орындауы немесе атауы мен авторын  айтуы керек.   
Ойын тартысты өтті.
Нәтижесінде «Болашақ» атты жеңімпаз топ дипломмен марапатталып,  осы ойынға қатысып, қазақ тілін жетік меңгерген  өзге ұлт өкілдеріне мақтау қағаздары табыс етілді.
Бұл шара университет сайтына ілінді. «Ана тілім – айбыным менің» атты мақала Ақтөбе университеті газетіне жарияланады. Авторы шетел тілдер факультетінің жастар комитетінің маманы Қалыбаева А.Ж. және тарих-филология факультетінің жастар комитетінің маманы Бақбергенұлы Е.

Жастар комитеті

 

Поиск по сайту
События / люди

Кудайберген Жубанов
Информеры

html clock code информер часов на сайт

GISMETEO: Погода по г.Актобе

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане

Горосокоп
Гороскоп от Ignio.com
 
 

© 2010-2012 Актюбинский государственный университет им. К. Жубанова

030000, г. Актобе, ул.Бр.Жубановых, 263
Тел./Факс: 8 (7132) 54-37-56
e-mail: zhubanov@mail.ru

Яндекс цитирования счетчик посещений