Кітапхана тарихы
1966 ж. Ақтөбе педагогикалық институты кітапхана жұмысын бастады.
1967 ж. Тұңғыш оқу абонементі ашылды.
1968 ж. Кітап қорын толықтыру бөлімі ашылды.
1991 ж. Кітапханада оқырмандарға арналған оқу залы ашылды.
1995 ж. Кітапхана арнайы жабдықталған жерге
ауыстырылды.
1997 ж. Кітапхана типтік ғимаратқа көшірілді.
1999 ж. Кітапханаға «ИРБИС» бағдарламасы алынды, электрондық каталог жасау басталды.
2000 ж. Қ. Р. білім және ғылым министірлігінің № 249 бұйрығы Қ. Жұбанов атындағы АМУ ғылыми кітапханасы Ақтөбе обл. жоғары және орта білім беретін кітапханаларының методикалық орталығы болды.
2002 ж. Қ. Жұбанов атындағы АМУ ғылыми кітапханасында «Жоғарғы оқу орын кітапқханаларының кітап қорын толықтырудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану процессі» атты республикалық семинар өткізілді.
2004 ж. Университеттен педагогикалық институттың бөлінуіне байланысты кітапхана қоры екіге бөлінді.
2005-2006 ж.ж. Қ. Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің кітапханасының кітап қоры қайтадан тіркеуден өтті.
Кітапхана құрылымы
Кітапхана құрылымы түрлі қызмет атқарушы 15 бөлімшелерден тұрады. Кітапхана бөлімшелері университеттің төрт ғимаратында орналасқан. Ғылыми кітапхананың бас ғимараты Алтынсарина, 4 көшесінде:
- Анықтама – библиографиялық бөлімі
- Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі
- Кітап қорын сақтау бөлімі
- Абонемент
- Оқу залы
- Мерзімді басылымдар залы
- Көп салалы колледждегі оқу залы
- Университеттің басқа ғимараттарында 3 абонемент және 5 оқу залы бар.







