Основная деятельность
Новости
Личная страница ректора
Общие сведения
Учеба
Воспитательная работа
Абитуриентам
Электронная библиотека
Сведения о студентах
Наука
Курсы повышения квалификации
Нормативные документы
Научная библиотека
Профориентация и трудоустройство
Информация

Фотогаллерея
Студенческая жизнь
Спортклуб
Наши выпускники
АГУ в зеркале СМИ
Телефонный справочник АГУ
Схема корпусов
Наши координаты
Вопросы и ответы
2012 Май
ВсПнВтСрЧтПтСб
  1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
Реклама


Опрос
Полезные материалы

Логотип АГУ им.К.Жубанова (.gif)

Университет ректорының кубогіне арналған факультетаралық қазақша КТК ойындары

Университет ректорының кубогіне арналған факультетаралық қазақша КТК ойындары өтті
2011 жылдың 24-ші қараша күні ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Жастар сарайында» жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен ректор кубогіне арналған «Жаса, Қазақстан» тақырыбында факультетаралық Қазақша КТК (көңілді тапқыштар клубы) ойындары болып өтті. Көпшілікті күлкіге бөлеп, жиналғандардың көңілдерін көтеру мақсатында сайысқа университеттің 8 факультеті мен университет колледжінің студенттерінен құралған жалпы саны 9 команда қатысып бақтарын сынады. Сайыс барысында ойыншылар мемлекеттік тілді дамыту, жастардың бойындағы патриоттық сезім жайлы астарлы, орынды әзілдерімен өткір де өзекті мәселелерді көтеріп, сондай-ақ еліміздің 20 жылдығын мерейтойын насихаттауды назардан тыс қалдырған жоқ. Ойынға қатысқан командалардың арасынан сахна төріне алғашқы рет шығып тұрған студенттер болса да, олардың бойынан өзіндік ерекшелігі мен стилі қалыптасып өте жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп көрермендер көңілінен шыға білді. Сайыс сәлемдесу және дыбыстау (озвучка) деп аталатын екі кезеңнен тұрды. Кешті университеттің «Әдемі» КТК құрама командасының мүшесі Ерхан Бақбергенұлы жүргізді.

Байқаудың қорытындысы бойынша, бас жүлде «Ректор кубогіне» ие болған экономика факультетінің «Шоколад» командасы Астана қаласында өтетін Қазақстан КВН одағының маусымашарына жолдама алды. Бірінші орынды былтырғы ойынның жеңімпаздары техника факультетінің «Қарапайым»командасы, екінші орынды заң факультетінің әділетті соты, яғни «Фемида» командасы, ал жүлделі үшінші орынға физика-математика факультетінің бақытты студенттерінен құралған «Бақытты жандар» командасы иеленді. Сайыста өз -өзін ерекше көрсетіп, жүлделі орын алған командалар университет ректоры атынан ақшалай сыйлыққа ие болды.
КТК ойыны студенттердің өте жақсы дайындығынан әсерлі де тартысты өтті. Студенттер қатысқан бұл КТК ойынының мәні де өз әзілдеріне өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде, халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында.


Бибігүл Отарбаева
Тарих-филология факультетінің 3 курс студенті

Поиск по сайту
События / люди

Кудайберген Жубанов
Информеры

html clock code информер часов на сайт

GISMETEO: Погода по г.Актобе

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане

Горосокоп
Гороскоп от Ignio.com
 
 

© 2010-2012 Актюбинский государственный университет им. К. Жубанова

030000, г. Актобе, ул.Бр.Жубановых, 263
Тел./Факс: 8 (7132) 54-37-56
e-mail: zhubanov@mail.ru

Яндекс цитирования счетчик посещений