Основная деятельность
Новости
Личная страница ректора
Общие сведения
Учеба
Воспитательная работа
Абитуриентам
Электронная библиотека
Сведения о студентах
Наука
Курсы повышения квалификации
Нормативные документы
Научная библиотека
Профориентация и трудоустройство
Информация

Фотогаллерея
Студенческая жизнь
Спортклуб
Наши выпускники
АГУ в зеркале СМИ
Телефонный справочник АГУ
Схема корпусов
Наши координаты
Вопросы и ответы
2012 Май
ВсПнВтСрЧтПтСб
  1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
Реклама


Опрос
Полезные материалы

Логотип АГУ им.К.Жубанова (.gif)

«Егеменді ел және жастар» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мәдениет пен өнер саласындағы жастар

Қ.Жұбанов Ақтөбе мемлекеттік университетінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау жоспарына сәйкес «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» - 20 жұлдызды күн шаралар аясында Тарих-филология факультеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап мәдениет пен өнер саласындағы жастар арасында «Егеменді ел және жастар» тақырыбында байқау жариялады. Төменде байқаудың Ережесі беріліп отыр.

«Егеменді ел және жастар» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мәдениет пен өнер саласындағы жастарға арналған шығармашылық байқау туралы


ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті (одан кейін – университет) жастарының арасында мәдениет пен өнер саласында шығармашылықты ынталандыру мақсатына арналған байқауға үміткер туындыларды ұсынудың, сыйлықтарды беру туралы шешім қабылдаудың тәртібін айқындайды.
2. Байқаудың сыйлығы «Егеменді ел және жастар» атты патриоттық тақырыпты жан-жақты ашқан барынша дарынды, жаңашылдығымен және біртумалығымен ерекшеленетін, жұртшылықтың арасында кеңінен таралған туындылар, бағдарламалар, жобалар үшін, мәдениет, өнер мен әдебиет саласындағы биік жетістіктер үшін беріледі.
3. Байқаудың университет басшылығы белгілеген жалпы мөлшері:
І орын – 20 000 теңге
ІІ орын – 15 000 теңге (екеу)
ІІІ орын – 10 000 теңге (үшеу)
4. Сыйлықтар байқау негізінде бір рет төмендегі бағыттар бойынша беріледі:
(01) музыка өнері;
(02) театр өнері;
(03) бейнелеу өнері;
(04) көркем әдебиет;
5. Сыйлықтарды алу бойынша байқаудың жеңімпаздарын айқындаудың құрамын университет басшылығы бекітетін комиссия жүзеге асырады.
6. Университет сыйлықтардың және байқау бөлімдерінің санын айқындайды.
7. Байқауға қатысуға барлық факультеттің студенттері жіберіледі (жарияланған немесе басқа бір тәсілмен көпшілікке жария етілген болуға тиіс).
8. Байқауға қатысатын еңбектерге қойылатын талаптар:
Байқауға ұсынылатын еңбектер жеке дара немесе ұжымдық болуы мүмкін. Байқауда ұжымдық еңбек жеңіп шыққан жағдайда, сыйлық авторлық ұжымның мүшелеріне тең  үлестіріледі.
9. Сыйлықтарға үміткерлерді ұсынуды факультет басшылығы, жастар комитеті, сондай-ақ студент-жастардың өздері жүзеге асырады.
9.1. Сыйлықтан үміткер ретінде авторлық ұжым ұсынылған кезде оның құрамына тек шығармашылық үлесі айқын басым болған негізгі авторлар ғана енгізіледі (көп дегенде 8 адам).
9.2. Әр үміткердің байқауға тек бір ғана өтінімді беруге құқығы бар.
10. Байқау комиссиясына ұсынылатын материалдардың құрамы:
10.1. факультет басшылары сыйлықтарды алудан үміткерлердің кандидатураларын ұсынғаннан кейін байқау комиссиясына төмендегі құжаттарды береді:
· сыйлықты алудан үміткерді ұсыну туралы өтінім-хат;
· сыйлықты алудан үміткерді ұсыну туралы факультет ұжымы жиналысының хаттамасы;
· сыйлықты алудан үміткердің шығармашылық жетістіктері туралы ақпарат;
· сыйлықты алудан үміткер қандай еңбектер үшін ұсынылса, солардың басылымдары, жарияланымдары, фотосуреттері, репродукциялары, дыбыстық және бейне жазбалары;
· сыйлықты алудан үміткердің өмірбаяндық деректері және оның куәлігінің көшірмесі;·

11. Комиссияның шешімі еңбектерді комиссия мүшелерінің сараптамалық бағалауы әдісімен, дауыс беру жолымен қабылданады. Комиссияның шешімі отырысқа оның мүшелерінің кем дегенде үштен екі бөлігі
қатысып отырған жағдайда толық құқылы деп саналады, хаттамамен рәсімделеді және байқау комиссиясы шешімімен бекітіледі.
12. Сыйлықтар мен тиісті дипломдарды салтанатты жағдайда университет ректоры тапсырады.
13. Байқауға қатысушы дайындаған байқауға қатысу туралы өтінім университет басшылығы айқындаған пішінде, мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде беріледі. Байқау комиссиясы осы Ереженің жағдайлары бұзыла отырып ұсынылған еңбектерді байқауға қатыстырудан бас тартуға құқығы бар.
Байқауға қатысуға электрондық почта және факс арқылы жіберілген өтінімдер қабылданбайды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
«Егеменді ел және жастар» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мәдениет пен өнер саласындағы жастарға арналған шығармашылық байқау туралы хабарландыру


            Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті барынша дарынды, жаңашылдығымен және біртумалығымен ерекшеленетін туындылар, бағдарламалар, жобалар үшін арналған сыйлықтардан үміткер еңбектердің байқауын жариялайды.
Байқауға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенттері қатыса алады.
Өтінімдерді беру мерзімі: 2011 жылдың 14 қарашасы мен 2 желтоқсанға дейін.
Марапаттаудың өтетін уақыты: 7 желтоқсан. Алдын-ала байланыс ақпаратын алу сұралады.
            Байланысу:
Мекен-жайы: 0000003, Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Ағ.Жұбановтар көшесі, 263, 305 – кабинет, тарих-филология факультетінің деканаты.
Телефондар: 8(732) 57-13-85. 87011240899, 87014843614. smu_aktobe2008@mail.ru

Ережеде көрсетілгендей жұмыстар желтоқсан айының 2-жұлдызына дейін қабылданады. 5-желтоқсанға дейін арнайы құрылған комиссия мүшелері байқауға келіп түскен жұмыстарды қарап, байқау қорытындысын жариялайды.

Ұйымдастыру комитетінің мүшесі Р.Р.Жұмағалиева.
27.11.2011

Поиск по сайту
События / люди

Кудайберген Жубанов
Информеры

html clock code информер часов на сайт

GISMETEO: Погода по г.Актобе

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане

Горосокоп
Гороскоп от Ignio.com
 
 

© 2010-2012 Актюбинский государственный университет им. К. Жубанова

030000, г. Актобе, ул.Бр.Жубановых, 263
Тел./Факс: 8 (7132) 54-37-56
e-mail: zhubanov@mail.ru

Яндекс цитирования счетчик посещений