«Қолданбалы және сандық анализ» кафедрасы 2001 жылдан бастап «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы болып атын өзгертті. Кафедрада 2 ғылым докторы, 4 ғылым кандидаты, 5 аға оқытушы және 5 оқытушы жұмыс жасайды. Кафедра оқытушылары жыл сайын өздерінің кәсіптік деңгейін көтеруде, соңғы 2-3 жылда бірнеше оқытушылар ғылым докторы (доценттер: М.М.Мұздақбаев, Қ.Ә.Әбдіқалықов) және ғылым кандидаты (Ғ.Ж. Шуйтенов) дәрежесіне ие болды. Биылғы оқу жылында кафедраның бірнеше оқытушылары кандидаттық диссертацияларын дайындап, алдағы оқу жылында қорғауға шықпақшы (аға оқытушылар: А.М. Алиева, Р.Ө. Жахина; оқытушылар: Ж.Қ.,Құлмағамбетова, Т.Ж.Төлеуов, Н.А.Имангазин, А.Қ.Ташимова). Қазіргі таңда кафедраның Астанамен (Н.Гумилев атындағы ЕҰУ), Алматымен (аль-Фараби атындағы ҚҰУ, ҰА Сейсмология институты) сонымен қатар ТМД ғылыми орталықтарымен (Ресей, Новосибирск, Институт Новых технологии, Т.Шевченко атындағы УҰУ, Қырғызстан, Бишкек, Тау кен Физикасы және Механикасы институты) тығыз байланыстары бар. Кафедра оқытушылары республикалық, халықаралық конференцияларға қатысып олардың ғылыми еңбектері университет, республикалық баспаларда ғана емес сонымен қатар ТМД (Ресей, Украйна, Қырғызстан) және алыс шет елдерінде де жарық көруде (Жапония, Индия, Қытай, Шри-ланка, Малайазия т.б.).
Кафедра 2009 жылдың қаңтар айына дейін «091340 – Ақпараттық жүйелер» бағдарламасы бойынша мамандар дайындады. Оларға сұлбатехника маманы деген квалификация берілді. Олардың оқу мерзімі күндізгі бөлім – 5 жыл, сырттай бөлім 6 – жыл болды. Сонымен қатар, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы осы мамандық бойынша 2004 жылдан бастап талапкерлерді «070503 – Ақпараттық жүйелер» (бакалавриат) мамандығына қабылдай бастады, олардың оқу мерзімі 4 жыл. «070503 - Ақпараттық жүйелер» мамандығын бітірушілерге «Ақпараттық жүйелер» маманы квалификациясы беріледі. Олар ғылыми зерттеу орталықтарында, оқу орындарында, фирмаларда, банктерде, мектептерде, сол сияқты т.б. жұмыс жасай алады.
Кафедраның түлектерінің алғашқылары ғылыми жетістіктерге жетуде мысалы: ф.-м.ғ.к., доцент Н.В.Иваницкая – 28 жасында кандидаттық диссертацияны қорғады.
Биылғы 2009/2010 оқу жылында кафедрада магистратура, ал факультете жаңа мамандық ашылады (Математикалық және компьютерлік модельдеу), бұл мамандықтың негізгі пәндерін «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы жүргізеді.
«Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттері Республикалық студенттік ғылыми конференцияларға қатысып жүлделі орындарға ие болып, еңбектері әртүрлі баспаларда шығып жүр.
Қазіргі таңда кафедра түлектері республиканың түкпір-түкпірінде әртүрлі қызмет жасайды.
Кафедра түлектерінің негізгі бөлігі жұмысқа мекемелердің сұраныстары бойынша орыналасады. Қазіргі кезде кафедрадан бітірген мамандар: АӨАЕО «НК «Казахстан темир жолы»», ЗЖҚ «НефтеГаз-Дем», Ақтөбе облыстық орта бөлім жүйесінің оқу-әдістемелік ақпараттық орталығы, АҚ «Банк Туран Алем», РМК «Информационно-технологический центр избирательного комитета РК», ЖШС «Asar-реклама», ЖШС «Алекс-Компани», ЖШС «West Communication Service», ЖШС «Великая стена», ПК «Программист», Медициналық ақпараттық-экспертный орталығы, АҚ БФ «Kaz Trans Com» және тағы басқа кәсіпорындарда, мекемелерде жұмыс жасап жүр. Ол мекемелерден біздің түлектердің дайындығының сапасы туралы 50-ден астам жаксы пікірлер кафедраға, факультетке ризашылық, алғыс ретінде келіп түсті.







