Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
«Қыз парасаты» клубы
«Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты дөңгелек үстел
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Қыз парасаты» клубының ұйымдастыруымен «Дәстүр» айдары бойынша 2011 жылдың 2-желтоқсанында, сағат 14.00-де бас ғимараттың №7 мәжіліс залында дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушы ф.ғ.д., доцент Қайырова Бақыт Елубайқызы дөнгелек үстелді ашып, іс–шараның мақсатымен және қонақтармен таныстырып өтті.
Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты: Қазақ елінің өркендеп, дамуына үлес қосқан қоғамның түрлі саласында қызмет етіп жатқан іскер әйелдердің адами тұлғасы мен олардың еңбектегі жетістіктерін насихаттау арқылы жастарды адамгершілік ізгі қасиеттерге, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Дөңгелек үстелге Ақтөбе қаласының және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің биік жетістіктерге жеткен, еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген әйел-аналар шақырылды. Олар Дусенова Айгүл Егізбайқызы – облыстық әйелдер құқығын қорғау комитетінің төрайымы, Утенова Меңсұлу Қонысбайқызы – «Есеп» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Айпеисова Сайра Апырайымона – б.ғ.д., профессор, Қағазбаева Әспет Кенесбековна – ф–м.ғ.д., Смагулова Асыл Смагуловна – з.ғ.к., доцент, Тусупбекова Раушан Сакенқызы – э.ғ.к., Сагимбаева Шынар Жанузаковна ф–м.ғ.к., Ниязова Ғайша Мухамедқызы – ф.ғ.к., доцент, Байманова Айжан Ерекешовна – доцент.
Дөнгелек үстелде «Қазақ әйелі: кеше және бүгін» тақырыбындағы баяндама оқылды. Баяндамашы қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы Ұлықпанова Әлия Жолдасқалиқызы. Тақырыпқа сай презентация көрсетілді. Келген қонақтардың лебізі тындалып, студенттер сұрақтар қойды. Университет өнерпаздары М.Нұрмағамбетов, Г.Мендеш, С.Саимов, Г.Шүрменова, т.б. музыкалық ән шашу жолдады.
Сәтті өткен «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты дөнгелек үстелдің басты ұйымдастырушылары «Қыз парасаты» клубының төрайымы Дамелі Таңатарқызы Утеулиева және мүшелері Әлия Жолдасқалиқызы Ұлықпанова, Курманалина Айгүл Айтжанқызы, Жакупова Гүлмира Жалғасбайқызы, Таскалиева Жанар Асанқызы, Урбисинова Нұргүл Еркінқызы.
|