VIII Республикалық
«Маусымашар» КВН фестивалі
Биылғы 2012 жылдың 7-12 ақпан аралығында Астана қаласында әдеттегідей Қазақстан КВН одағының «Маусымашар» КВН фестивалі болып өтті. Оған еліміздің әр қиырынан 168 команда қатысты. Ақтөбе облысынан 20 дан астам команда, соның ішінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті атынан 3 бірдей квн командасы өз өнерлерін көрсетті. Олар, Заң факультетінің «Фемида» квн командасы, Техникалық факультеттің «Қарапайым» квн командасы және республикалық деңгейде университет атын шығарып, намысын қорғап жүрген «Әдемі» квн құрама командасы. Маусымашардың қорытындысы бойынша «Фемида» квн командасы Республикалық Аймақтық лигаға, «Қарапайым» квн командасы Республикалық Орталық лигаға, ал «Әдемі» квн командасы Республикалық Жоғарғы лига ойындарына жолдама алды.
Жалпы, қазақша КВН – бұл күнде жастардың қызығып ойнайтын, көпшіліктің тамсана тамашалайтын ойындарының бірегейі – Қазақша КВН!!! Квн – қазіргі таңда телеарна арқылы көрсетіліп, көптің ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобалардың бірі. Көптеген жастардың жүрегіне жол таба білген бұл ойын жарнаманы қажет етпейді, керісінше КВН-нің өзі жарнама болып табылады. Қазақша КВН-нің еңбасты ерекшелігі - өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында. Сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтитын аталмыш ойын тек шығармашыл жастардың орталығы. Қазақша КВН – жастардың дұрыс қоғамдық пікірін қалыптастырып, заманмен қатар даму арқылы өмірде өз орнын дұрыс таба білуге баулиды.
Қазақстан КВН Одағының ең негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдегі КВН қозғалысын өркендету. Қазақ тілін кеңінен қолдану өрісін көркейте түсуге және де беделін арттыруға үлес қосу.
Жас буынды тәрбиелеудің негізгі бағыттарының іске асуын қолдау және «Қазақстан - 2030» мемлекеттік даму стратегиясында көрсетілген салауатты өмір салтын насихаттау.
Жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың зерделік потенциалын жүзеге асыру.
Халықаралық бітім мен азаматтық келісімге келуге, Қазақстан халықтарының ұлттық салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының дамуына, өнегелі және рухани байлықтарын нығайтуға жағдай жасау.
Жастарды елжандылыққа, отансүйгіштікке, патриоттылыққа тәрбилеу.
Осы VIII Республикалық «Маусымашар» КВН фестивалінде біздің Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенттерінің көздерінде от жанып, сахнада, жеңіске деген ұмтылыс, құштарлықты олардың ойындарынан көруге болады. Дәл осылай алға деген ұмтылыс болса, онда біздің студенттеріміз ел көріп, жер көріп, КВН-ге өз үлестерін қосып, және де армандарының бір бөлігі орындалады деуге болады. Әрине бүгінгі таңда менім мақсатым, арманым КВН-ге өз үлесімді қосып, университет жастарының, яғни университетіміздің және КВН-шілердің атағын Республикалық деңгейге шығару, көтеру және де мен солай боларына нық сенімдімін. Барлық КВН-шілерді бауырмалдылыққа, еңбек сүйгіштікке, шығармашылық ізденіске тәрбиелеу, яғни, бір жеңнен білек, бір жағадан бас шығаратын болсақ, онда біздің жастарымыздың алар асулары әлі де алда.......
Әдемі квн командасы
Фемида квн командасы
Қарапайым квн командасы
Заң факультетінің Артықбаев
Жастар ісі жөніндегі комитет маманы Руслан
ҚР Ғылым және Білім министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
VIII Республикалық
«Маусымашар» КВН фестивалі
Қазақша КВН
Ақтөбе 2012 |