Студент ақындар айтысы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында «Жиырма жұлдызды күн» «Серпін» бойынша «Жас ақындар» клубының ұйымдастыруымен I Ақтөбе облыстық студент ақындар айтысы болып өтті.
Бұл шараның басты мақсаты:
- Айтыскер жас ақындарға қолдау корсетіп, шабытын шыңдау
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын жастардың қатысуымен кең көлемде атап өту және жастарды патриотизмге тәрбиелеу.
- Қазақтың рухани мәдениетін дамыту.
- Ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырта отырып, айтыс өнерін жастар арасында кеңінен насихаттау.
Ақтөбе облысы бойынша 4 жоғары оқу орнынан 6 студент ақын қатысты. Айтысқа Шәкәрім атындағы сыйлықтың лауреаты, Ақтөбе газетінің редакторы, ақын Ертай Ашықбаев, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, айтыскер-ақын Талғат Тілеулесов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Гуманитарлық зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д. профессор Алпысбай Мұсаев, Республикаға танымал айтыскер-ақын, сазгер Шынберген Сүлейменов, «Екі езу» әзіл-сықақ театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқанов төрелік етті.
Сонымен қатар 150 студент, жастар ісі жөніндегі комитет мамандары, оқытушылар, республикаға танымал жас айтыскер ақындар Қайнар Алакөзов, Аян Сейітов, Марат келіп, айтыс тамашалады. Айтыс нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған I Ақтөбе облыстық студент ақындар айтысының Бас жүлдесі «Тәуелсіздік жүлдесі» номинациясын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенті Ершат Қайболдин, I орын «Тәуелсіздік мақтанышы» номинациясын Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Оразбек Қиынбаев, II орын «Тәуелсіздік жыршысы» номинациясын Ақтөбе политехникалық колледжінің студенті Райымбек Орынбаев, III орын «Тәуелсіздік болашағы» номинациясын жеңіп алды. Ал қалған ақындар «қатысушы» дипломына ие болды. Айтыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ақшалай және бағалы заттай сыйлықтар берілді.
“Жас ақындар” клубы |